2020 ЖАЗЫНА АРНАЛҒАН «ЫСТЫҚ» КАШЕМИР
Жоқ, кашемир кию үшін қыс келгенше күтудің қажеті жоқ. Кашемир гигроскопиялық қасиеттерге ие, сондықтан жазда салқын, ал қыста жылы күйде болуға мүмкіндік береді. Табиғатынан жеңіл әрі ауа өткізетін кашемир - жазғы киім үшін тамаша таңдау. Оны тіпті ең ыстық күндері киюдің бірнеше тәсілімен танысыңыз.
1. Нәзік образ
Жаздың жылы самалы мен жаңа гүлдердің хош иісі саябақта серуендеуге таптырмас күн сыйлайды. V-мойынды кардиган образыңызға нәзік реңк қосады. Оны сүйікті A-тәрізді белдемшеңізбен және сөмкеңізбен үйлестіріп, одан да сүйкімді образ жасаңыз.
2. Қысқа жаз
Қысқа жең жазға әбден сай келеді. Жеңіл әрі ауа өткізетін, жібектей жұмсақ кашемир жемпірлерімен салқын әрі сергек жүріңіз. Образды теңестіру үшін оны белдемшемен немесе шолақ шалбармен үйлестіріңіз.
3. Азғырушы әйел
Жаз ыстық, сіз де сондай бола аласыз! Классикалық водолазкамен талғампаз әрі тартымды образ жасаңыз. Сәнді өкшелі аяқ киім, күннен қорғайтын көзілдірік және қарындаш-белдемше арқылы образға жұмбақ реңк қосыңыз. Кешкі асқа немесе түнгі серуенге киіну бұрын-соңды мұндай оңай болған емес!
4. Еркін стиль
Дөңгелек мойынды жемпір мен тоқылған бас киім арқылы жаздың еркін көңіл күйін сезініңіз. Бұл үйлесімді жиынтық жинақы көрінгіңіз келіп, бірақ киім таңдауға көп күш жұмсағыңыз келмейтін күндер үшін өте қолайлы.
5. Күндізден кешке дейін
Жылы әрі шуақты күндер үйлену тойлары мен басқа да ашық аспан астындағы әлеуметтік шараларға шақырады, дегенмен күн бойы салқындау болатынын ұмытпайық. жеңіл тоқылған шарфты қайықша жағалы көйлектің үстінен тағып, тұншықтырып немесе қатты ысытып жібермейтін қосымша жылу алыңыз.
6. Сәнді де, күнделікті де
Көйлекті киюдің көптеген тәсілі бар, бірақ оны джоггер шалбармен үйлестіріп көрдіңіз бе? Кашемирден жасалған қайықша жағалы көйлек джоггер шалбармен үйлескенде өзіңізді жайлы сезінесіз. Оны киюге ыңғайлы аяқ киіммен және аксессуарлармен толықтырыңыз.
Егер осы шағын жазғы сәндеу нұсқаулығы сізге ұнаса, 2020 жылғы Көктем/Жаз топтамамыздың басқа үлгілерін көру үшін gobicashmere.com сайтына кіріңіз.